ҚР БжҒМ-нің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 2017 жылғы 14 наурыздағы №11-2/110 хатына сәйкес, 2016-2017 оқу жылында қорытынды аттестаттаудан 11 сынып оқушыларының Ана тілі мен әдебиетінен берілген эссе (жазбаша емтихан) тақырыптары
Қазақ тілі және әдебиетінен эссе тақырыптары 1. Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз? 2. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз. 3. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. …