Негізгі көрсеткіштер

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2016 жылдың 10 қазанынан

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ

Мектепке дейінгі ұйымдар саны – 474  (29 265 бала), соның ішінде: балабақшалар – 166, мектеп-балабақша кешені – 52, шағын орталықтар – 256.

Соның ішінде: жеке балабақшалар — 18 (1179), жеке мектеп-балабақша кешені – 6 (355 бала)

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту: 1 және 6 жас аралығында – 63,6%; 3 және 6 жас аралығында – 99,7 %.

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ

Желідегі мектеп саны  — 388 мектеп (мемлекетік — 384, жеке — 4).

Оқушы саны – 94 449, соның ішінде мемлекеттік мектептерде – 94 369.

Шағын жинақты мектеп саны – 228 немесе 59,3%.

Қосымша білім беру ұйымдары – 58 (қамту – 61,2%, барлық түрлерімен 74,6%).

Мұғалім саны – 11 971, соның ішінде: жоғары – 10 183 (85%),  орта арнаулы – 1 788  (14,9 %).

Санаты бойынша: жоғарғы – 1664 (13,9 %), бірінші – 4 192 (35 %).

2016-2017 оқу жылы басында 435 мұғалім қабылданды, соның ішінде ауылдық жерлерге — 321.

2016-2017 оқу жылында мұғалім қажеттілігі — 38 мұғалім.

АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

3 түзете-дамыта оқыту ұйымдары, оларда 584 тәрбиеленуші қамтылған, 3 психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру, 11 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, 68 логопедтік пункт жұмыс жасайды.

«Кедергісіз аймақтың» элементтерімен 277 жалпы білім беретін мектеп қамтамасыз етілген (72,1 %).

236 мектеп немесе олардың жалпы санынан 61,5 %-ы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім береді.

Жалпы білім беретін мектептерде 130 дефектолог және 23 логопед ставкалары енгізілген.

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

Облыста 5 жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым бар, олардың ішінде білім беру жүйесінде – 3 ұйым (1 балалар үйі, 1 жас өспірімдер үйі, 1 отбасылық үлгідегі балалар ауылы), оларда 131 тәрбиеленуші қамтылған. Сонымен бірге 25 орындық 1 облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ

ТжКБ желісі – 38 бірлік (соның ішінде мемлекеттік колледждер – 27, жеке колледждер — 11).

Контингенті –  19 886 оқушы.

Мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындар саны – 10 103 адам.

2016-2017 оқу жылына қабылданғандар – 7 070 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс есебінен 3802).

ОҚУШЫЛАРДЫ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ

Оқушылардың тиімді тамақтануы жағымды білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі факторы болып табылады. 2016 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша облыстың 364 (94,8%) мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылып, онда 69768 (74,0%) оқушы қамтылған. Соның ішінде тегін ыстық тамақпен 55820 (80,0%) оқушы қамтылды. 14907  (99,5%) аз қамтылған отбасы балалары және 41292 (97,8%) 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханасы мен буфеті жоқ 20 мектепте Мектеп сүті ұйымдастырылып, Мектеп сүтімен 227 оқушы қамтылған  (Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Теректі аудандарында).

ОҚУМЕН ҚАМТУ

Аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің 15.11.2016 ж. деректері бойынша 10 күннен астам сабаққа қатыспай жүрген балалар саны – 28, соның ішінде оқығысы келмейтін балалар – 10 және 2-уі іздестірілуде, 13-уі миграция, 3-тергеуде. Олардың ішінде 5 бала жайсыз отбасынан.

Сабақты 10 күннен астам себепсіз қалдырған оқушылардың 16-сы Орал қаласының мектептерінен, 3-і Ақжайық, 3-і Зеленов, 2-і Сырым,  2-і Теректі, 1-і Бөрлі, 1 — Шыңғырлау аудандарының мектептерінен.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ТАСЫМАЛЫ

2016 жылдың 1 қазаннына облыс бойынша 91 тиісті мектептері жоқ елді-мекендерден 59 жалпы білім беретін мектептерге 4020 (100%) оқушы күнделікті тасымалданады (Ақжайық — 151 оқушы, Бөрлі – 62 оқушы, Зеленов – 654 оқушы, Казталов – 48 оқушы, Қаратөбе – 22 оқушы, Сырым – 79 оқушы, Тасқала – 75 оқушы, Теректі – 428 оқушы, Шыңғырлау – 10 оқушы, Орал қаласы – 2491 оқушы).

Күнделікті тасымалды 69 автотранспорт жүзеге асырады. Оның 2-і ғана әкімдікке, 10-ы жеке шаруашылыққа тиесілі. Автотранспортқа қажеттілік 26 бірлікті құрайды (Ақжайық — 3, Бөрлі – 2, Зеленов – 5, Казталов – 2, Қаратөбе – 1, Сырым – 1, Теректі -1, Шыңғырлау – 2, Орал қаласы –6).