Қазақ тілі және әдебиетінен эссе тақырыптары
1. | Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз? |
2. | Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз. |
3. | Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. |
4. | «Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:
…Іздегенім осы еді, Өз-өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды. Қызып тұрған темірге Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз. |
5. | Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз. |
6. | Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз. |
7. | Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз. |
8. | Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. |
9. | Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз. |
10. | Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз. |
11. | Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз. |
12. | Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді? |
13. | Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз. |
14. | Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз. |
15. | ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма? |
16. | Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па? |
17. | Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз. |
18. | Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз. |
19. | Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз. |
20. | Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз. |
21. | Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз. |
22. | Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз. |
23. | Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз. |
24. | Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз. |
25. | М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма? |
26. | М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр? |
27. | М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз. |
28. | Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз. |
29. | С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме? |
30. | І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па? |
31. | І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз. |
32. | М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз. |
33. | М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр? |
34. | М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. |
35. | С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? |
36. | С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды? |
37. | Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз. |
38. | Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз. |
39. | М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз. |
40. | М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім? |
41. | М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз. |
42. | С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз. |
43. | Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңізді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз. |
44. | Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет? |
45. | ХХ ғасырдағы әдеби туындылардан Алаш идеясын тауып, дәлелдеңіз. |
46. | ЭКСПО көрмесі – тұрақты дамудың биік үлгісі. Өз ойыңызды дәйектеңіз. |
47. | Бүгінгі Атымтайлар мен Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеңіз. |
48. | Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат» өлеңінде сипатталған мінез-құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз. |
49. | XX ғасырдың басындағы қазақ халқы мен XXI ғасыр қазағының болмысын Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңін негізге ала отырып салыстыр. |
50. | Өзіңіз білетін Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ерлік істерінің Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз. |
51. | Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз? |
52. | Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дәстүрін сақтауға міндетті ме? |
53. | Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба? |
54. | Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба? |
55. | Махамбет өлеңдеріндегі(«Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз. |
56. | Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз. |
57. | «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз. |
58. | Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз. |
59. | Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз. |
60. | Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз. |
61. | «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па? |
62. | Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз. |
63. | Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз. |
64. | Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз. |
65. | Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз. |
66. | Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз. |
67. | Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз. |
68. | Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз. |
69. | Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз. |
70. | Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз. |
71. | Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген? |
72. | Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз. |
73. | Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген? |
74. | Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз. |
75. | Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз. |
76. | Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз. |
77. | Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз. |
78. | Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз. |
79. | М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды? |
80. | М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз. |
81. | М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы
бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз. |
82. | Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз. |
83. | Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы кейіпкерлердің өмір үшін күресін талдап жазыңыз. |
84. | С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз. |
85. | І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз. |
86. | І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз. |
87. | М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе? |
88. | М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай? |
89. | М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз. |
90. | С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз. |
91. | Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз. |
92. | С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз. |
93. | Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз. |
94. | Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма? |
95. | М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз. |
96. | М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз. |
97. | С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды ма? |
98. | Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе? |
99. | Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық? |
100. | Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. |
101. | Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. |
102. | Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз. |
103. | Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз. |
104. | Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз. |
105. | Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз. |