Форум

Вы должны войти в систему для того, чтобы создавать сообщения и темы.

Жаңартылған білім мазмұны

Қайырлы күн құрметті әріптестер! Қысқа мерзімді жоспардың бұрынғы сабақ жоспарымен салыстырғанда артықшылықтары қандай?

Сәлеметсіз бе, сіздің сауалыңызға жауап берсем,

1) Әр пән бойынша  қысқа мерзімді жоспар жасалмастан бұрын орта мерзімді жоспар жасалады. Орта мерзімді жоспар бойынша қысқа мерзімді жоспар жазылады. Орта мерзімді жоспар бұл әр пәннің бір тарауы немесе бөлімі бойынша жасалатын жоспар тәрізді. 

 2)Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жазуда  сабақтың тақырыбына  қарай мақсаты мен күтілетін нәтиже бірден анықталып жазылады. Сабақ барысында  мұғалім қызметі мен оқушы қызметі нақты ашылып  көрсетіледі.  

3)Оқушылардың  оқу әрекетін жоспарлауда оқушылардың білім деңгейлері ескеріліп, мұғалім  тапсырмаларды алдын-ала дайындайды: а) оқушылардың барлығына бірдей тапсырма; б) жоғары деңгейдегі балаларға арналған тапсырмалар; с) дарынды балаларға арналған тапсырмалар;

3) Қысқа мерзімді жоспарда оқушылардың білімін бағалаудың формативті түрлерін қолданып, білім деңгейлері тексеріліп,бағаланады. 

4) Сабақты қорытындылау бөлімінде оқушылармен кері байланыс жасау мақсатында  рефлексия міндетті түрде жоспарланып өткізіледі. Оқушылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп қорытындыланады.